Биыл 25 қылмыстық іс есірткі сатумен айналысатын адамдарға қатысты болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз айналымнан 53 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысты өткір мәселе тұр. 

Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ жыл басынан бері 3 есірткі зертханасы анықталып, оның жолы кесілді. Өткен жылы екі айда 5 келіден астамы тәркіленсе, осы жылдың мерзімінде 30 келіден астам синтетика тәркіленді. 

Бұл тұтынушыға жетпеген 1 миллионнан астам бір реттік доза. Елордада дәріханалық нашақорлық мәселесі өзінің өзектілігін жоғалтпайды. 

Полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде ғана осы санаттағы бұзушылық фактілерін тексеруді және анықтауды жүзеге асыра алады.  Осыны пайдаланып, кейбір фармацевттер дәрігердің рецептінсіз құрамында дәрілік кодеин бар препараттарды сатуды жалғастыруда, мұны келіп түскен өтініштер дәлелдейді. Жыл басынан бері полицейлер төрт дәріханада дәрі-дәрмектерді рецептісіз сату фактілерін анықтады. Мәселен, полиция қызметкерлері Жангелдин көшесі 7 мекенжайы бойынша орналасқан дәріхананы анықтады, оның фармацевті дәрігердің рецептісіз құрамында кодеин бар дәрілік препараттарды бірнеше рет сатқан. Сондай-ақ Ы.Дүкенұлы 30 мекенжайында орналасқан «Аю» дәріханасының және Желтоқсан көшесі 14 мекенжайында орналасқан дәріхананың фармацевтеріне тұрақты негізде өтініштер келіп түсуде, - делінген хабарламада. 

Бақылаудағы дәрілік препараттарды дәрігердің рецептісіз өткізу ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының диспозициясына (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының қағидаларын бұзу) жатады, ол тек қана «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» ММ құзыретіне жатады және қаралады. 

Офлайн форматта оқу процесі қайта жанданғаннан кейін оқушылар мен студенттерге есірткінің зияны туралы деректі және көркем фильмдер көрсете отырып дәрістер мен сабақтар жалғасуда. 

Жыл басынан бері «102» пультіне есірткінің заңсыз айналымы фактілері туралы 199 хабарлама келіп түсті, оның ішінде 129-ы «есірткіні жасырып қойып кету» фактісі және 70-і есірткіні сақтау фактісі бойынша. Азаматтардың ақпараты бойынша 34 есірткі сайттары бұғатталды, жыл басынан бері есірткі заттарын сататын интернет дүкендердің жарнамасымен 7 граффити жойылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы