Биыл 22 ірі сүт фермасы жұмысын бастайды – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 6 ірі сүт фермасы іске қосылды, жыл соңына дейін тағы 16-сы пайдалануға беріледі,  деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына сүт өнімдерінен импортты алмастыру бойынша үлкен міндет қойылған. Осы жоспардың аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын 25 өнеркәсіптік сүт фермасын пайдалануға беру бойынша жұмыс жүргізуде. Осы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша 3810 бас ІҚМ-ға арналған 6 сүт фермасы іске қосылды. Олардың бесеуі Алматы облысында орналасқан.
Сонымен қатар, Түркістан облысында сүт тауарлары фермасын кеңейту жобасы аясында 1600 басқа арналған "Қазына жер" ЖШС ашылды. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі СТФ құрылысы жобаларына сараптама жүргізу рәсімін жеңілдеткенін атап өткен жөн, - делінген ақпаратта. 
Сүт өндіруге арналған мал шаруашылығы кешендерін қалыпты жауапкершілік деңгейіне жататын ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және технологиялық тұрғыдан күрделі нысандарға жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына түзетулер енгізілді.
Бұл мемлекеттік монополияға қатысты кешенді ведомстволық емес сараптамадан өту міндеттемесін жоққа шығарады. Осылайша, жобаның тапсырыс берушілеріне кез келген аккредиттелген сараптамалық ұйымды ТЭН немесе жобалық-сметалық сараптама жүргізу үшін таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл процестерді жеделдетуге және құрылысқа қажетті құжаттарды дайындау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы