Биыл 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба іске қосылады. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында берген есептік кездесуінде айтты.
2016 жылдан бастап гранттық қаржыландыру 9 есеге артты. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында 2020 жылы жалпы сомасы 17,7 млрд теңгеден астам 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба іске асырылатын болады, - деді Аида Балева.
Министрдің айтуынша, азаматтық қоғамды жүйелі түрде дамыту үшін кешенді шаралар әзірленді.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы қазір мемлекеттік органдардың қарауында. Аталған тұжырымдама аясында азаматтық дамудың инстиуттық негізін құруға бағытталған заңнамалық бастамалар волонтерлік, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар туралы нормативтік актілер әзірлеу қарастырылған. Оның жұмысына ҮЕҰ өкілдері мен сарапшылық қауымдастық мүшелері тартылды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы