Биыл 2,5 мыңнан астам ШОБ қолдау тапты - Оңдасын Оразалин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлім етті. 

Президент өз Жолдауында пандемия кезінде бизнесті қолдау шаралары өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтіп, осы бағдарламаларды одан әрі де жалғастыруды тапсырды. Жалпы Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 9 айдың қорытындысы бойынша 2,5 мыңнан астам шағын орта бизнес жобалары қолдау тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Шағын орта бизнестің дамыуы туралы толық ақпарат слайдта көрсетілген, -деді ол. 

Сонымен қатар облыс басшысы инфрақұрылым дамыту және тұрғын үй құрылысы бойынша атқарылған жұмыстарды атап кетті. 

Ақтөбе облысында кең көлемді жұмыстар атқарылуда. Мысалы, соңғы 3 жыл ішінде кемінде 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй алаңдары қолданысқа берілуде, - деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы