Биыл 18,8 млн га алаңда далалық іздестіру жұмыстары жүргізілді
АШМ ЖРБК «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РММ елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы алқаптарының топырағы мен өсімдік жамылғысының сапалық жай-күйін талдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«ЖерЗЖМИ» РММ-ның 15 филиалы, 14 зертханасы бар, олар топырақтың жай-күйіне және оның құнарлылығына талдау жүргізеді. Кәсіпорында 755 адам жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда 18,8 млн гектар алқапта далалық іздестіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 3,9 млн гектар алқапта топырақты зерттеу, 2,8 млн гектарға топырақ бонитетін анықтау, жер мониторингін жүргізу 7,1 млн гектар алқапта жүзеге асырылды, ал 4,9 млн гектар алқапта геоботаникалық зерттеу өткізілді.
Жүргізілген зерттеу материалдары ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі мен өнімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Италияда миллиондап жалған ақша жасаған адам ұсталды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы