Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер туралы айтып берді.

Министр атап өткендей, 2021 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша 17,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Бұл 151 мың азамат тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар былтырдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға өсіп, 2,4 трлн теңге болды. Биылдан бастап «шаршы метр құрылысынан» жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға көшуді жоспарлап отырмыз. Оған жер ресурстарын тиімді пайдалану, көше-жол желісін дамыту және қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыру есебінен жинақы және алуан түрлі құрылыс салу арқылы көшеміз, - дейді Қайырбек Өскенбаев.

Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешудің негізгі тәсілдері субсидиялар, тұрғын үйді жалға алуға арналған тұрғын үй төлемдері, құрылыс салушылардан дайын тұрғын үй сатып алу, ескі кварталдарды реновациялау, проблемалық объектілерді аяқтау арқылы мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері болады.

Осыны ескере отырып, биылғы жылға тұрғын үйді іске қосудың жылдық көлемін 17 млн шаршы метр деп белгілеуді ұсынамыз, - деп айтты ол Үкімет отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы