Биыл 158 жаңа өнеркәсіп өндірісі іске асырылады - Үкімет басшысы
Бұл туралы бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Инфляцияның 55% үлесін азық-түлік тауарлары құрап отыр. Сондықтан биыл біз агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемін екі есе ұлғайттық. 9 айдың нәтижесінде біз ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты өсімі 7%-ға жеткенін көріп отырмыз. Сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестиция нақты көріністе 7,5%-ға артты, - деп атап өтті Премьер-министр.
Сонымен қатар ол шикізаттық емес секторда орташа мерзімді кезеңге 25 трлн теңгеге 734 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты.
Оның ішінде 440 жоба – импортты алмастыруға бағытталған. Биыл 158 жаңа өнеркәсіп өндірісі іске асырылады. Сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендетуге арналған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылып жатыр, - деді Әлихан Смайылов Мәжілістің отырысында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы келесі жылы инфляция деңгейі 9,5%-ға төмендейтінін айтқан болатын.