Биыл Қызылордада 150 км-ге жуық жол жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қызылорда облысы жолдарының 82% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу көзделуде. Оның 144,9 км - көше және 1,5 км - аудандық маңызы бар жолдар. 

Бұл туралы облыстық жoлаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

"Өңірлік даму" бағдарламасы бойынша С.Бейбарыс көшесінен "Қызылжарма" каналы – Назарбаев даңғылына дейін магистральды жол құрылысының 4,6 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 109,9 км болатын 144 жоба жүзеге асатын болады. Оның ішінде: Қызылорда қаласындағы 109 көшенің 78,2 км орташа жөндеуден өтеді. С.Бейбарыс көшесі бойында орналасқан көпірдің су ағары және Тасбөгет кентіндегі Батыршаев, Сырдария, Бакишов көшелерінің 3,6 км күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Әбенов көшесінің 2,0 шақырымы орташа жөнделеді - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Бәйтерек шағын ауданы мен Бірқазан елді мекеніне кірме жол, Талсуат елді мекені және Белкөл кентіндегі 4 көшеге орташа жөндеу жүргізілмек. Қызылөзек, Ақжарма, Қосшыңырау, Қызылжарма ауылдық округтерінің көшелері де жөнделеді.

Мемлекеттік "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы аясында Ақсуат елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 12,4 км болатын 16 көшеге орташа жөндеу және Қызылорда қаласындағы жалпы ұзындығы 22,2 км болатын 36 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы