Биыл 143 мыңнан астам тұрғын үй салынады

Елімізде биыл 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Тұрғын үйді уақытылы пайдалануға беру мақсатында әкімдіктер нақты объектілерді және оларды іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Мәселен, биыл 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 143,5 мың тұрғын үй салу жоспарланған.

Осы жылдың 7 айында 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспардан 14% - ға асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7% - ға артқанын көрсетеді.

Ведомствоның мәліметінше, сонымен қатар пайдалануға берілген пәтерлер көлемінің де оң динамикасы байқалған. Жоспар бойынша 67,6 мың пәтер болса, 73,8 мың пәтер салынды, бұл 9,1%-ға артқанын көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы