Биыл 140 жаңа вагон жолаушыларға пайдалануға беріледі – Көлік министрлігі

Жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында биыл 140 жаңа жолаушылар вагонын жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 вагонға артық.

Жоспарланған көлемнің 50 бірлігі жеткізілді, бірінші жарты жылдықтың соңына дейін тағы 12 вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

- Қызылорда - Семей

- Павлодар - Алматы

- Ақтөбе - Атырау

- Алматы - Сарыағаш

Ал, жыл соңына дейін келесі бағыттар бойынша вагондар жаңартылады:

- Павлодар - Түркістан

- Қарағанды - Самара

- Қарағанды - Омбы

- Қостанай - Алматы

Сондай-ақ, 20-ға жуық вагондардың жылжымалы құрамындағы моторлы вагондардың келуі күтілуде. Олар келесі бағыттар бойынша бөлінеді:

- Ерейментау - Астана

- Ерейментау - Көкшетау

- Теміртау – Ағадыр

Вагондар отандық өндірушіден алынған. Олар барлық заманауи талаптарға сай келеді. Ауаны баптау және бейнебақылау жүйесі, циркуляциялық ауаны залалсыздандыру құрылғылары, дәретханалар, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қайта қуаттауға арналған USB порттары және әр орынның жанында жеке жарықтандыру бар. Микротолқынды пештермен, тоңазытқыштармен, ауыз су диспенсерлерімен және қайнатқышпен жабдықталған.

Штабтық вагондарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған купелер бар.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы