Биыл 13 млн тонна мұнай өңделді - Ноғаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев онлайн өткен Үкімет отырысында айтты. 

10 айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 71,6 млн тоннаны құрап, 10 айдың жоспарына 100,2 пайызды құрады. 2020 жылдығы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 45,9 млрд текше метр газ өндірілді. Сұйытылған мұнай-газдың көлемі 2,6 млн тоннаны құрады, - деді ол. 

Ноғаев атап өткендей, тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 12,3 млрд текше метрге жетті. 

Экспортқа шығарылған газ көлемі 9 млрд текше метрді құрады. Биылғы 10 айда 13 млн тонна мұнай өңделді. Өндірілген дизель отынының көлемі 3,8 млн тонна, әуе отыны бойынша 347 мың тоннаға тең. Мазут 1,62 тоннаны құрады, - деді ол. 

Министр атағандай, битум өндірісінің көлемі қамтамасыз етілді. 

87,1 млрд кв/сағ электр энергиясы өндірілді. Бұл көрсеткіш 10 айдағы жоспарға тең. Электр энергиясын өндіру тікелей оны тұтынуға қатысты екенін атап өткен жөн. Жаңартылған энергия көздері нысандары 2,37 млрд кв-сағатты құрап отыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы