Биыл 12 мың шақырым жол жөнделеді
Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл 12 мың шақырым жолда жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Бұл ретте, жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі, - деп түсіндірді министр.
Жылдың соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады.
Жоспарға сәйкес, 1 мың 955 шақырым болатын 4 автожол жобаларында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, олардың 1 мың 866 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды.
Еске сала кетейік, елімізде автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырым, оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдарға жатады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі қай өңірде ашылады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы