Биыл 12 мың солтүстiкқазақстандық жаңа баспанаға ие болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Солтүстік Қазақстанда 12 мың тұрғын жаңа қонысқа көшеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жазылды.
Биыл баспана салуға бюджеттен 18,4 млрд теңге бөлiндi. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Биыл 300 мың шаршы метр баспана берiледi. 12 мың өңiр тұрғыны жаңа қонысқа көшедi. 3 мың пәтер қолданысқа берiлсе, 625 отбасы – әлеуметтiк тұрғыдан аз қамтылғандар.
Пәтерлердi беру тәртiбi ашық болу керек. Оған қоғам өкiлдерiн тарту қажет. Жуырда арнайы қосымшаны iске қосамыз. Оның арқасында кезекте тұрған азаматтар туралы ақпаратты көруге болады, - дедi Құмар Ақсақалов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда 84 ауыл газдандырылады
Өзгелердің жаңалығы