Биыл 11 мың шақырым автожол жөнделеді

Бұл туралы ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, биыл құрылыс-монтаж жұмыстарымен 11 мың шақырымдай автожол қамтылады. 

Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырымнан астам автожолда жүргізілуде. Бұл – республикалық желінің 7 мың шақырымы және жергілікті желінің 4 мың шақырымы. Республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғастырылады, соның 856 шақырымын аяқтаймыз, - деп атап өтті комитет басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар ол күрделі және орташа жөндеумен 3,4 мың шақырым жол қамтылады деп отыр. 

Жергілікті автожолдар желісінде жөндеудің барлық түрлерімен 4 мың шақырым жол қамтылмақ, соның 3 мың шақырымы аяқталады. Жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 92 пайызға және жергілікті желі бойынша 87 пайызға дейін жеткізілетін болады, - деді Амангелді Беков. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: strategy2050
Өзгелердің жаңалығы