11 айда есірткіге қатысты 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ведомствоның ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 2 мыңнан астам есірткіге қатысты қылмыс жасалған.
Оның ішінде 1300 дерек есірткі өткізу мен 360-ы аса ірі көлемде есірткі сақтау қылмысы болып табылады.
Заңсыз айналымнан 12,5 тонна есірткі алынды. Атап айтатын болсақ, 5 келіден астам героин, 9,5 тонна марихуана, 380 келі гашиш, сондай-ақ 110 келі синтетикалық есірткі анықталды, - деп атап өтті ІІМ ресми өкілі.
Сонымен қатар 8 ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобы мен 14 астыртын есірткі зертханасының жұмысына тосқауыл қойылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелгені туралы жазған болатынбыз.