Биыл 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды
Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл қаңтар-қырқүйекте 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9 %-ға артық. Оң өсу 15 өңір бойынша тіркелді. Ең жоғарғы көрсеткіштер Түркістан, Жетісу, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында байқалып отыр. Көрсеткіштің төмендеуі Ұлытау, Маңғыстау, Абай, Атырау облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында орын алды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 6,9%-ға артқан.
Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалуда. 6 көрсеткіш бойынша өсім 8 өңірде байқалуда. Бұл Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласы, - деді Әлібек Қуантыров.