Биыл 100 мыңнан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы дерек келіп түсті - ІІМ
Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық – өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, отбасы тыныштығы – ол қоғамның тұрақтылығы. Сондықтан бұл мәселені Мемлекет басшысы ерекше назарына алып, бірқатар тапсырма берген болатын. Атап айтқанда: әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаларға қарсы ауыр қылмыстар үшін жаза қатаңдады. Полицияның осы мәселемен айналысатын бөлімшелері нығайтылды. Жәбірленушімен жұмыс тәсілдері қайта қаралды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бұл мәселеге қоғамның көзқарасы өзгерген.
Зорлық-зомбылық құрбандары мұндай фактілер туралы белсенді хабарлай бастады. Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам сигнал келіп түсті. Олардың көпшілігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орын алған. Бірақ олардың 60% бойынша полиция тиісті шара қолдана алмаған. Өйткені полиция оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан, - деді министр.