Биыл 10 мың жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі – Жайымбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында биыл 10 мың жалдамалы пәтер пайдалануға берілетінін айтты.

Биыл 10 мың жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі. Мемлекеттің қолдауы аясында 40 мың пәтер пайдалануға беріледі деп отырмыз. Оның ішінде 25 несиелік, 10 мың арендалық және «Бақытты отбасы» аясында 5 мың пәтер пайдалануға берілмек, - деді ол. 

Мархабат Жайымбетов айтып өткендей, 281 млрд теңге қаржы несиелік үйдің құрылысына бөлінді. 

Оған 25 мың пәтер салынады. Биыл 10 мың жалдамалы пәтерді салу үшін 90 млрд теңге қаржы бөлінді. «Бақытты отбасы» аясында 49 млрд теңге қаржы бөлінді. Алдағы жылы бағдарлама аясында 100 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы