Бүгiн 2026, 08:54 Фото: freepik

Биыл 10 елді мекен табиғи газға қосылады

Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл газдандыру аясында 40 жоба іске асырылуда.

Қазақстанда газдандыру жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Қазіргі таңда ел бойынша шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген. 2026 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 64,3%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр (2025 жылы – 62,4%), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл газдандыру аясында 40 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 10 елді мекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылады.

Жобалар Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, сондай-ақ Ұлытау облысы мен Жетісу облысы аумақтарын қамтиды.

Сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін оның жылдық өткізу қуаты 10 млрд текше метр болатын желілік бөлігін аяқтау жоспарланған.