Биыл 1,2 млн адам жұмысқа орналастырылады – Еңбекмині
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі міндеттерді ескере отырып, осы жылы 1,2 млн адамды жұмыспен қамту шараларын қолдауды жоспарлап отырмыз. 700 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен, 32 мың адамды «Жұмыспен қамту» жол картасымен және 440 мың адамды өзге де мемлекеттік бағдарламалармен қамтимыз, - деп атап өтті ол.Министрдің айтуынша, «Еңбек» бағдарламасы бойынша қамтылатын 227 мың адамға жұмыспен қамтуға көмектесетін түрлі шаралар көрсетіледі. Олар 3 бағыт бойынша жүреді.
1. Қысқа мерзімді оқытуға, техникалық және кәсіби білім алуға 36 мың адам жіберіледі. Бүгінгі таңда 2 000 адам қысқа мерзімді курсты оқуға кірісті, Алайда 6 өңірде оқыту мамыр айына жоспарланып отыр.
2. «Бастау» бизнес жобасы. Жоба аясында 10 500 адамды бизнес дағдыларына оқыту басталды. Жыл соңына дейін сайлауалды бағдарламаға сәйкес 30 мың адам оқытылады. Оған қажетті қаражат пен ресурстар қарастырылған. Сондай-ақ осы жылы өз ісін ашуға және кеңейтуі үшін 5 000 микрокредит пен 21 000 грант беріледі.
3. Субсидияланатын жұмыс орындарының есебінен еңбек нарығына бейімделу қиынға түсетін адамдар (Мүмкіндігі шектеулі - Baq.kz) қатарынан 128 мың адамға қолдау және 7 мың адамның өз еркімен көшуіне қолдау көрсетіледі.
Осы жылы 3 айда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 158 000 адам қамтылды. Оның ішінде 53%-ы жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар сияқты субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Ал 32%-ы тұрақты жұмыспен қамтылды, - деді Серік Шәпкенов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
809 ауру жұқтырған және 340 байланыста болған адам қоғамдық орындарға кірмек болған – Тоғжанов
Келесі жаңалық
Апта басындағы валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы