"Біткен жерлерің осы болады": Трамп ХАМАС-қа ескерту жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-қа ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Truth Social әлеуметтік желісінде Трамп жазба жариялады.

Америкалық президенттің сөзіне қарағанда, құпия тікелей келіссөздер сәтсіз өткен сыңайлы.

"Шалом, ХАМАС" деген "сәлеметсің бе" немесе "қош бол" дегенді білдіреді, қайсысын таңдасаңыз да, өз еркіңіз. Барлық тұтқындарды тез арада босатыңдар, ұзаққа созбай сендер өлтірген барлық адамның денесін қайтарыңдар. Әйтпесе, біткен жерлерің осы болады. Тек ауру және ауытқуы бар адамдар ғана денені ұстайды, сендер де солардың бірісіңдер! Мен Израильге істі аяқтау үшін қажеттінің бәрін жіберемін. Егер сендер менің айтқанымды орындамасаңдар, ХАМАС-тың бірде-бір мүшесі қауіпсіздікте болмайды. Мен бұған дейін сендер өмірлерін құртқан бұрынғы тұтқындарыңмен кездестім. Бұл соңғы ескертуім! – деп жазды Трамп.

Еске салайық, бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Зеленскийге қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы