Бүгiн 2026, 15:41 Фото: Reuters

"Бітім бітті": Трамп Иранмен келісе алмағанын айтты 

Трамп Иранмен арадағы қақтығыстың кезекті шиеленісуінен кейін атысты тоқтату режимі енді әрекет етпейді деп есептейді.

Трамп Иранмен келіссөз жүргізуді уақыт жоғалту деп атап, Тегеран өкілдерін «оңбағандар» және «өтірікшілер» деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

АҚШ пен Иран арасындағы соққы алмасудан кейін ол атысты тоқтату режимі бұдан былай күшінде емес деген пікір білдірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы қақтығыстың кезекті шиеленісуінен кейін атысты тоқтату режимі енді әрекет етпейді деп есептейді.

Сәрсенбі, 8 шілде күні НАТО саммиті аясында журналистің Иранмен бітім және әскери іс-қимылды тоқтату туралы меморандум әлі күшінде ме деген сұрағына ол: 

Меніңше, мұның бәрі аяқталды. Енді олармен ешқандай істес болғым келмейді, – деп жауап берді.

Ақ үй басшысы Иран өкілдерімен кез келген байланыс орнатуды уақытты босқа өткізу деп бағалап, оларды «оңбағандар» және «өтірікшілер» деп атады.

Сонымен қатар Трамп өзінің келіссөз жүргізушілеріне, егер олар қаласа, Иранмен диалогты жалғастыруға рұқсат беретінін айтты.