Тоқаев Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Сооронбай Жээнбековпен бірге Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттер басшылары 1916 жылғы қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарға орнатылған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков көрнекті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қабіріне барып, рухына тағзым етті, - делінген хабарламада.Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барғаны хабарланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жол ережелерін сақтаңыздар – ІІМ
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы