Бішкекте ұлттық кардиология орталығы өртенді: Қаза болғандар бар
Бішкектегі ұлттық кардиология және ағза трансплантациясы ғылыми-зерттеу институтында ірі өрт болып, екі пациент қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, медициналық қызметкерлер мен науқастарды қоса алғанда 260 адам эвакуацияланды.
Денсаулық сақтау министрі Эркин Чечейбаев пациенттердің бір бөлігі операциядан соң жансақтау бөліміне жатқызылған.
Өрт шыққан соң оларды өзге медициналық мекемелерге ауыстырды. Тоғыз адам, оның ішінде жеті бала жансақтау бөлімдеріне жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты ауыр, - деп атап өтті министрліктен.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, жертөледегі өрттен соң түтін желдеткіш жүйесіне тарап, эвакуацияны қиындатқан.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша өрттің себептерін анықтау үшін ведомствоаралық топ құрылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында жоғалған малшы табылды
Өзгелердің жаңалығы