21 Мамыр 2024 2024, 07:47
Фото: akipress.org
Бішкекте шетел азаматтарына шабуыл жасады деген үш күдікті ұсталды
Бішкекте хостелдердің бірінде шетел азаматтарына қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен үш жігіт ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бішкекте хостелдердің бірінде шетел азаматтарына қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен үш жігіт ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.
Еске салайық, 13 мамыр күні түнде сағат шамамен 02:00-де «Восток-5» шағын ауданында бір топ жігіттер шетел студенттерімен төбелескен.
Студенттер өздері тұрған хостелге қарай қашқан.
Олардың соңынан кірген белгісіз топ сол жерде тұрып жатқан шетел азаматтарының ақшалары мен заттарын тонап кеткені белгілі болды.
Аталған оқиғадан соң Қырғызстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.