Бішкекте әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігі А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы" тақырыбында халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырды.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық онлайн-конференция жұмысына И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті сияқты белгілі жоғары оқу орындарының ғалым-зерттеушілері қатысты, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының өкілдері, студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Конференция жұмысын Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Қайрат Нұрпейісов ашты.
Қазақстандағы әл-Фараби мерейтойы мемлекеттік деңгейде өтіп жатыр, ал ЮНЕСКО оны атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізді, - деп атап өтті ол.Оныңа айтуынша, екі бауырлас халықтардың өзара рухани-мәдени тұрғыдан баюына және олардың мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылын нығайтуға ұмтылуымыз керек. Бұл алдымызда тұрған үлкен міндет.
Конференция барысында ұлы әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы фильм көрсетілді, сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
88 адам сенатор атанудан үмітті
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы