Бішкекте барлық блок-бекет алынды

Алматы, BAQ.KZ. Әскерилер Қырғызстан астанасынан кетті, барлық блок-бекет алынды. 

Бұл туралы Республиканың бас штаб өкілі хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Бұған дейін Бішкекке тиесілі жолдардың барлығына Қырғызстан қарулы күштерінің блок-бекеттері қойылған болатын. Олардың мақсаты қаладағы тәртіпті сақтап, комендаттық сағат талаптарын бақылау еді. 

Жасақтар Бішкектен кетті. Барлық блок-бекет алынды. Әскери жасақтар тұрақты орындарына оралды, - деп жауап берді штаб өкілі.

Айта кетсек, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков бейсенбі күні отставкаға кеткенін мәлімдеді. Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысының отставкаға кеткенде, оның өкілеттігі Парламент спикеріне өтеді.

Еске салайық, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті.

7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку К яенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.

Сайлау нәтижелерімен келіспеген демонстранттар Бішкекте Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш ғимараты мен Президент әкімшілігі қоршауынан секіріп кірмекке талпынды. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырды.

Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап Ақ үйге басып кірумен аяқталған.

Демонстранттар парламент ғимаратын басып алып, экс-Президент Алмазбек Атамбаев пен басқа саясаткерлерді қамаудан босатты.

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков 15 қазан күні Қырғызстан азаматтарына елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты үндеу жасап, отставкаға кететінін мәлімдеді.

Кейіннен Садыр Жапаров Қырғызстан Президентінің міндетін атқаратыны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы