Бүгiн 2026, 15:23 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы сотталды

Бішкекте бала саудасымен айналысты деп айыпталған Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарына үкім шықты.

Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу нұсқасы бойынша, Қазақстан және Израиль азаматтары өзара келісіп, ақшалай және мүліктік сыйақы үшін Қырғызстан азаматынан кәмелетке толмаған үш баланы сатып алған.

2024 жылдың қыркүйегінде Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәмелетке толмағандарды ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың тұрақты арнасын ұйымдастыру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 167-бабы («Бала саудасы») негізінде қылмыстық іс қозғаған.

Тергеу аясында Қазақстан азаматы А.А. және оның сыбайласы, Қырғызстан азаматы С.С. ұсталып, ҰҚК тергеу изоляторына қамалған.

Анықталғандай, А.А. Израиль азаматы А.Б.-мен қылмыстық сөзге келісіп, С.С.-дан кәмелетке толмаған үш баланы сатып алған. Сонымен қатар, олар балаларды жалаңаштап, интимдік суреттерге түсірген және ол фотоларды мессенджерлер арқылы шетелдегі үшінші тұлғаларға жіберіп отырған.

Бұдан бөлек, аталған қылмыстық топ Қырғызстан азаматы Д.К.-ның кәмелетке толмаған екі баласына қамқоршылық орнатуға рұқсат алып, оларға қатысты да дәл осындай іс-әрекеттер жасаған.

Қылмыстық істі қарау қорытындысы бойынша, 2026 жылдың 12 наурызында Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты айыпталушыларды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, Қазақстан азаматы А.А.-ны 12 жылға, ал Қырғызстан азаматы С.С.-ны 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, - деп хабарлады Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда туғанына үш күн болған нәрестені 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды.

Сондай-ақ, адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Атырауда адам саудасының 21 дерегі анықталды.

Адам ағзалары саудасы: 5 жыл халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды. 

2025 жылы Қазақстан қылмыспен күресте қандай нәтижеге жетті?