Бішкекте 12 жылдан бері бірінші рет сібір жарасы анықталды

Бішкектегі мемлекеттік санэпидқадағалау орталығының бас дәрігері Кубан Кундаев Қырғызстан өңірлерінің бірінде сібір жарасы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті АКИpress басылымы таратқан мәліметке сәйкес, зерттеу барысында 27 сәуірде ауыл тұрғындарының бірі ветеринарлық тексерусіз сиыр сойып, етін көршілеріне таратып берген.

Ол етті тұтынған соң бірнеше адамда сібір жарасының белгілері пайда болғаны анықталды. Қазіргі уақытта дертті жұқтырғандардың бірі Қырғызстан астанасындағы стационарда ем қабылдап жатыр.

Бас дәрігердің айтуынша, сібір жарасын жұқтырудың соңғы жағдйаы 2010 жылы Бішкек қаласында тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы