Бішкек әуежайындағы бомба жайлы жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан астанасындағы «Манас» әуежайында Ресейден ұшып бара жатқан ұшақ бортында жарылғыш зат салынған сөмке туралы хабар тарады. Рейсті орындаған авиакомпания түсініктеме берді.

Бұл туралы 24kg.ru жергілікті порталы жазды.

Расталмаған мәліметтерге сәйкес, жолаушы - Ресей азаматы. Ол экипажға оның қол жүгінде әскери снаряд бар екенін және Украина аумағында арнайы операция жүргізуге қарсы екенін айтты.

Әуежайға қосымша құқық қорғау күштері, соның ішінде саперлер дереу жеткені хабарланған.

Рейсті орындаған «Авиа Траффик» авиакомпаниясы бұл оқиға жайлы түсініктеме берді.

Бүгін Санкт-Петербург – Бішкек бағыты бойынша ұшақ бортында болған жолаушылар бомба туралы жарылғыш зат туралы ешқандай хабар таратпаған. Дүрбелең тудыруға себеп жоқ, – делінген «Авиа Траффик» баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы