Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп 100 млн теңге алмақ болған – Бигайдаров

Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Г. есімді Астана тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталып, Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп алдау арқылы 100 млн теңгені иемденбек болған. Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу ретінде сараланады, - деді агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифингте.

Оның айтуынша, Астана тұрғынының басқа қылмыстық әрекеттерінің бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ол қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, іс қаралып жатыр, - деді Бигайдаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы