Бишімбаев ұялы телефонының кодын бермей қойды
Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев сотта ұялы телефонының құпия сөзін беруден бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сот процесінде прокурор "Бишімбаев, телефоныңыздың құпия сөзі қандай?" деп сұрады. Ол смартфонын тек қорғаушыларына беретінін айтты.
Мен парольді тек қорғаушыма беремін. Мен телефонды қорғау жағынан дәлел ретінде ұсынғым келеді. Егер сіз оны адвокатқа берсеңіз, мен оған парольін беремін, - деді сотталушы.
Айжан Құлбаева телефонды зерттеуден бас тартты.
Сотталушы Бишімбаев сотқа телефон кодын беруден бас тартқандықтан, соттың бұдан кейінгі тәрбіне көшеміз, - деді судья.
Бұған дейін сотқа Путиннің қандай қатысы барын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы