Бишімбаев соты. Путиннің қандай қатысы бар?

Салтанат қаза болған күні Ресей президенті Путин Астанаға келіп, оның делегациясы "Bau" мейрамханасының VIP орындарының бірін брондаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

9 қарашада Ресей президенті Қазақстанға келді. Ұйымдастырушылар Bau мейрамханасындағы Vip-бөлмеде банкет ұйымдастырмақ болған, - дейді Бақытжан Байжанов.

Бишімбаевтың сотында судья бұл ақпараттың іс материалдарына қатысы жоқ екенін айтты. Алайда бұған жәбірленуші тараптың адвокаты келіспейді.

Құрметті сот, тікелей байланысы бар. Ресей президентінің делегация келетінін біліп, Салтанаттың денесін мейрамханадан шығара алмаған, – деді адвокат.

Бұған дейін Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имам жазаланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ сот отырысы барысында Бишімбаев жәбірленуші тараппен сөзге келіп қалды.

Бұдан бөлек сот процесінде қайғылы оқиға болған күні Байжанов қоңырау шалған дәрігер-неонатолог Ерсұлтан Сәрсенбаев жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: коллаж
Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы