Бишімбаев соты. Келесі отырыста не талқыланады?

Жоғарғы сот экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановтың соты 10 мамырда өтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін сот отырысында сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөздерін сөйледі. Cот отырысы 10 мамырға, сағат 10:00-ге шегерілді. Келесі сот отырысында алқабилердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылау және тұжырымдау өтеді. ҚПК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi, – делінген хабарламада.

Бұған дейін сот отырысында әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты.

Сондай-ақ Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын айтып берді.

Сонымен қатар экс-министр Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы