Бишімбаев қайда?
Әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қай түрмеде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бишімбаевтың қай жерде жазасын өтеп жатқанын білу үшін адвокат Жанна Оразбахова Ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сауал жолдаған.
Қазіргі уақытта сотталған Қ.Бишімбаев Ақмола облысына қарасты қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр, - делінген Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті берген жауабында.
Еске сала кетейік, сот шешімімен экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін 24 жылға, ал оның туысқаны Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Бейімбет Майлиннің туғанына - 130 жыл
Өзгелердің жаңалығы