Бишімбаев қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі редакциямызға экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл сотталушы сот үкіміне сәйкес қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Бұл ретте Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар қосымшаға сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз, - деді комитеттің баспасөз қызметінің өкілі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, сот шешімімен экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін 24 жылға, ал оның туысқаны Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы сот
Өзгелердің жаңалығы