Бишімбаев пен Байжанов бір-бірімен келіскен – адвокат

Бишімбаевтың сотында жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаев пен Байжанов "спектакль" қойғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бишімбаевтың "образын" еске түсіріп көрейікші. Интеллигент, көзілдірігі бар, білімі жоғары, аса діндар... Тіпті діндарлығы сонша бір жыл бұрынғы Оразаның қашан біткені есінде. Кіммен болғаны, жанында кімдер болғанын бәрін біледі. Ал Салтанатты қалай көрсеткісі келді? Бірақ өздеріңіз байқағандай, бұл "образ" ешқандай сенім ұялатпайды, – деді адвокат.

Вранчевтың айтуынша, Байжанов өзін ауылдан шыққан жуас бала секілді көрсеткісі келген. Алайда ол шын мәнінде бәрін бастан-аяқ білген дейді.

Бишімбаевт та бұл туралы жақсы атап өтті. Ол "Байжанов қазақ ауылынан шыққан, жуас жігіт ретінде өзін танытқысы келді" деген еді. Ол есебі бар азамат. Позиция бойынша басында Бишімбаевпен бірге болды. Байжанов басынан-ақ не болғанын білген. Салтанаттың оқиғасын жақсы білген, – дейді адвокат.

Вранчев Байжановтың пен Бишімбаевпен позициясы нақты келісілгенін айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы Сот
Өзгелердің жаңалығы