Бишімбаев Нүкенованың ағасына 16 млн теңге төлейді
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтан 16 млн теңге қаржы өндіріп алмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығынды өндіру және моральдық шығынды өтеу туралы ісін қарады.
Талаптар заңды күшіне енген айыптау үкіміне негізделген.
Айтбек Амангелді қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындарды өтеуді де талап еткен.
Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап-арызды ішінара қанағаттандырды, - деді Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қай түрмеде өтейтіні туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот үкімімен келіспейтінін айтып, "Аса қатігездікпен адам өлтіру" бабын ауыстыруды ұсынғаны туралы жазғанбыз.
Астаналық сот экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымын қарады.