Бишімбаев ісінде прокурор болған Аймағанованың шені өскен
Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты іс бойынша көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады. Видеода ол Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға түсуге шақырады.
Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары Аймағанованың жаңа погондарын көріп, құттықтай жөнелген.
"Подполковник шенін алыпсыз. Құттықтаймын!", "Подполковник шені құтты болсын", "Шеніңіз құтты болсын,жоғарылай беріңіз!!!" - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі - Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 1 шілдеден бастап газ бағасы қымбаттады
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы