Бишімбаев ісі: "Юлия супер" деген кім?
Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың өзге адаммен жазысқан хаты оқылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін сот отырысында айыпталушының ватсап желісіндегі жазбалары қаралған болатын. Онда судья «Юлия супер» деген есімді адаммен жасалған жазбаға назар аударды. «Жеке хат алмасу, ашпая қойыңыз» деген айыпталушының өтініші де қанағаттандырылмады.
Онда Бишімбаев: қалың қалай?
Юлия супер: сәлем, бәрі жақсы, өзіңдікі қалай?
Бишімбаев: не істеп жатырсың, боссың ба?
Юлия супер: кірпік жасаттым
Бишімбаев: боссың ба?
Юлия супер: нешеде?
Бұл жазба оқиға болған күні кешкі уақытта жазылған.
Бишімбаев сол сәтте мұндай жағдай болатынын білмегенін айтты.
Ал жәбірленуші тарап әйелінің қиын жағдайға тап болғанда айыпталушының басқа әйелдермен сөйлесуіне назар аударуды сұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада масалар мен шыбын-шіркейге қарсы күрес басталды
Келесі жаңалық
Арқан тартыстан республикалық турнир өтті
Өзгелердің жаңалығы