Бишімбаев ісі бойынша судья өзін толғандырған істер туралы айтты

Судья Айжан Кұлбаева өзіне әлі күнге дейін маза бермейтін қылмыстық істер туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

Судьяның айтуынша, екі сот процесі оған әлі де өкініш сезімін тудырады.

Оның бірі – сотталушыға ең төменгі жаза мерзімін тағайындаған іс. Алайда, бостандыққа шыққаннан кейін бірнеше жыл өткен соң, ол қайтыс болған. Бұл жаңалық судьяға ауыр тиген.

Бұл аса ауыр санаттағы қылмыстық іс болды. Дәлелдер мен талдауды ескере отырып, (бапты) жеңілірек бапқа ауыстырдым. Бас бостандығынан айыру мерзімі 7 жылдан 12 жылға дейін болуы мүмкін еді, бірақ мен үш жыл бердім. Сол кезде бұл істі ұмытып кеткен едім. Тек бес жыл өткен соң, басқа кісі өлімі туралы іс қарауға келгенде есіме түсті. Кейін анықталғандай, сол сотталушыны өлтіріп кетіпті. Сол сәтте ойладым: егер бапты өзгертпесем, қатаңырақ жаза берсем, мүмкін, ол әлі тірі болар ма еді? Өйткені оны ішімдік ішкен кездегі төбелесте өлтіріпті, – деді Айжан Кұлбаева Астанадағы MNU университетінде студенттермен кездесу барысында.

Екінші іс, оның айтуынша, эмоционалдық тұрғыдан одан да ауыр болған. Ол кезде сотталғандардың бірі үкім жарияланғаннан кейін тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсаған. Судья бұл оқиға тіпті түсіне кіргенін мойындады.

Шынында да, түсіме кіретін істер болды. Осындай сәттер кездесетін. Бір ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты топтық іс қаралды. Мен үкім шығардым. Үкім заңды күшіне енді. Кейіннен сотталғандардың бірі жазасын өтеу мекемесінде өз-өзіне қол жұмсады. Шын мәнінде, мен қатты уайымдадым. Олар түсіме де кірді. Мүмкін, басқа шешім қабылдауым керек пе еді? Басқаша әрекет етуім керек пе едім деген ойларда болды?” – деп еске алды қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрайымы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Турар Казангапов
Өзгелердің жаңалығы