Бишімбаев ісі: Алқабилердің бірі ауысты
Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында алқаби ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Судья Айжан Құлбаева алқабидің не үшін ауыстырылғанын былай түсіндірді.
Нөмірі екінші алқаби сот отырысына денсаулық жағдайына байланысты келмеді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 645-бабына сәйкес, алқабилер мен қосалқы алқабилер істі сот талқылауы кезінде үнемі қатысуға тиіс. Егер кез келген отырысқа қатыса алмайтыны анықталса, онда оны балама алқабилердің билеттері шығарылған тәртіппен запастағы алқаби ауыстырады. Осыған байланысты № 11 қосалқы алқабиден № 2 алқабидің орнына баруды сұраймын, - деді судья.
Еске сала кетсек, бұған дейін сот отырысында айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың анасы сөз сөйледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы