Бишімбаев ісі: Алқабиге кандидаттар қашан іріктелетіні белгілі болды

Жоғарғы Сот Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы қашан өтетінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ертең, яғни 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады. Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді, - делінген Жоғарғы Соттың баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысумен өтетінін жазған едік. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив
Өзгелердің жаңалығы