19 Мамыр 2025 2025, 23:43
Фото: pixabay.com
Биржада доллар бағасы өсті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 510,78 теңгені құрады. Осылайша 1,21 теңгеге өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 510,78 теңгені құрады. Осылайша 1,21 теңгеге өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 509,51 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 512,91 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 514,58 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетейік, доллар 14 мамырда 3,63 теңгеге, 15 мамырда 4,06 теңгеге өсіп, 16 мамырда 1 теңгеге түскен болатын.