Бірыңғай уақытқа ауыссақ, электр энергиясын көп төлейміз бе?
Бұл туралы KEGOC акционерлік қоғамының басшысы Нәби Айтжанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана өткен брифингте Айтжановқа "Наурызда елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Бұл энергетикалық жүйеге қалай әсер етеді?" деген сұрақ қойылды.
KEGOC басшысы электр қуатын тұтыну көлемі 1 сағатқа ұзаратынын атап өтті.
Өзгеріс соншалықты әсер етпейді. Иә, электр қуатын тұтыну көлемі кішігірім мөлшерде ұлғаяды. Электр қуатын белсенді тұтынатын кезең қосымша бір сағатқа ұзарады. Біздің жүйе оған дайын деп айта аламыз. Сондықтан ұлттық энергетикалық жүйеге мұндай үлкен алаңдаушылық жоқ, - деді Айтжанов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кореяға барып жұмыс істейтіндерге қандай талап қойылады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы