Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды
«E-Petition.kz» ресми порталында жарияланған петиция ресми қарау үшін қажет қол жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, 50 мың қол қою шегіне жеткеннен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ӘРПК-нің 90-5 бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күнді құрайды. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі, – делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Еске салайық, биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.
Өзгеріске қарсы шыққан ел азаматтары бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы