Бірыңғай уақыт белдеуі: Қазақстан энергияны көп тұтына бастады ма

“KEGOC” АҚ Қазақстанда уақыт бір сағат артқа жылжығаннан кейін энергия тұтыну қаншалықты өскенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде кешке ең көп дегенде бір сағат қосылды. Тиісінше, тұтыну өсті, бірақ таңертең тұтыну азайғанын ескеру қажет. Жалпы, тұтынудың шамалы өскені байқалады, бірақ энергия жүйесі қажеттілікті тұрақты түрде орындап жатыр, - деді “KEGOC” АҚ төрағасы Нәби Айтжанов.

Компанияның басқарушы директоры Нұржан Керімқұловтың сөзінше, бір жылда бізде сағатына шамамен 100 млн кВт өсім бар. Бұл жылдық тұтынудың шамамен 0,1%-ы, - деп айтты ол.

1 наурыздан бастап елімізде Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақ бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы