25 Ақпан 2024 2024, 12:10 Фото: - архив

Бірыңғай уақыт белдеуі. Бірқатар өңірде жұма намазын оқу уақыты өзгереді

Республиканың бірқатар өңірінде жұма намазын оқу уақыты өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың бірқатар өңірінде жұма намазын оқу уақыты өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Информбюроның мәліметінше, Қазақстанның 1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты елімізде жұма намазын оқу уақыты жаңарады.

Өңірлер бойынша жұма намазын оқу уақыты:

Сағат 13.00: Абай облысы;
Сағат 13.10: Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары;
Сағат 13.15: Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары;
Сағат 13.20: Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан облыстары;
Сағат 13.30: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары;
Сағат 13.49: Атырау облысы;
Сағат 13.52: Маңғыстау облысы;
Сағат 13.55: Батыс Қазақстан облысы.

Еске салайық, мұндай шешім 21 ақпанда өткен ҚМДБ Ғұламаларының кеңесінде қабылданған болатын. 
Биыл Рамазан айы 11 наурыз бен 10 сәуір аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 5/6 сәуір.
Ал Құрбан айт 17-19 маусым аралығында мерекеленеді.