Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Тұрғын үй мәселесі қашан да басты мәселе. «Баспана хит» және «7-20-25» бағдарламаларының мерзімі таяуда аяқталады. Сонымен қатар нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және барлығына бірдей қолжетімді емес. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді. Ұлтық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді, - деді Президент.
Ол банк алдында «бір терезе» қағидаты бойынша есеп жүргізіліп, азаматарға тұрғын үй бөлу міндеті тұрғанын айтты.
Зейнетақы жинақтарын шешіп алу бастамасы оң нәтиже берді. Бұл бастаманы қолдау мақсатында қолжетімді шектен жоғары көлемде «Отбасы банкі» арқылы шешіп алуға рұқсат беруді дұрыс деп есептеймін. Бұл жинақтауды тиімді жоспарлауды жүзеге асырады,- деді ол.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.