Бірыңғай есеп беру нысанын құру ұсынылды

Үйлестіру кеңесінің отырысында бірыңғай есеп беру нысанын құру ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес бүгін Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Отырыста ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелеріне басты назар аударылып, азаматтық бастамаларды іске асыру мәселелері де қаралды. 

Сарапшылар бұл жұмыстың Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарындағы өту барысына тоқталды. 

Сонымен қатар қатысушылар Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әділет министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік жобаларды талқылады. 

Айзада Құрманова ең алдымен мемлекеттік тапсырыстың әлеуметтік жобалары қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Үйлестіру кеңесінің мүшелері ҮЕҰ қызметін нақтырақ талдау үшін, үкіметтік емес ұйымдардың бірыңғай есеп беру нысанын әзірлеуді ұсынды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы